2025 жылғы 3 маусым күні колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бітіруші түлектер арасында «Мамандық мақтанышы» байқауы өткізілді. Мақсаты: өз ісіне адал, кәсібін шын жүректен сүйетін, жоғары кәсіби шеберлігімен көзге түскен мамандарды анықтау, оларды қолдау және қоғамға үлгі ету. Сонымен қатар, еңбекқорлықты насихаттап, қызметкерлердің мәртебесін арттыру, кәсіби ортада абырой мен мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады.

