2024 жылғы 5 желтоқсанда «SMART BALA» жобасының жетекшісі А.Нургожина мен бөлім меңгерушісі Д.Бақбергенова «Астана жастары» ЖРО-мен бірлесіп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 3-4 курс студенттеріне 2023-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес TEDх форматында 24KZ_tv каналының жүргізушісі, журналист, блогер, поэзия жанашыры Мүрсәлім Дастанбекпен кездесу өткізілді. Кездесу өте қызықты өтті, студенттер көптеген сұрақтарға жауаптар алды.

