8 -13 қараша аралығында «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі, 2 курс студенттерінде курстық жұмыстарын қорғауы өтті. Курстық жұмыс тақырыптары студенттердің практикалық денсаулық сақтаудағы жұмыстарымен сәйкес таңдалды. Практикадағы мейіргерлік күтім көрсетудің сапалық, сандық көрсеткіштерін статистикалық тұрғыда көрсетілді. Статистикалық мәліметтер соңғы 3 жыл аралығында болды. Түрлі аурулар кезіндегі мейіргерлік күтімнің маңыздылығы және мейіргердің негізгі рөлі толық талданды.

