2024 жылдың 19 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Джумашева «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қауіпсіз студенттік өмірі» – «Студенческая жизнь без опасности» онкүндік аясында «Колледждегі және одан тыс жерде қауіпсіздік» атты тақырыптық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: жазатайым оқиғалардың алдын алу, колледжде және одан тыс жерлерде студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шара соңында студенттерге өмір қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды.

