«Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер тақырыбында виртуалды көрме

2024 жылдың 24 қаңтар күні кітапхана меңгерушісі Н.Мәтбаева «Емдеу ісі» мамандығының 1-ЛД-ВК топ студенттерімен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырды. Шара барысында студенттер көркем шығармалар желісімен түсірілген отандық және шетелдік фильмдер туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, кітаптар желісімен түсірілген кино үзінділер көрсетіліп, студенттер фильмді қай автордың, қандай шығармасы бойынша түсірілгенін тапты.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *