«Кибер алаяқтық» тақырыбына дәріс

11-12.10.2023 жылы колледжде Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2023-2024 жылдарға арналған жоспарына сәйкес Сарыарқа ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі полиция капитандары Р.Кулмагамбетов пен К.Сахов «Кибер алаяқтық» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске 1 курс (11 сыныптан кейінгі), 2 курс студенттері қатысты.
Дәріс жастар арасында кибер алаяқтардан қалай сақтанудың тәртіптерін түсіндіріп, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *