2025 жылғы 6 ақпанда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде бөлім меңгерушісі Д.С.Бекбергенованың қатысумен колледждің 3-4 курс «Емдеу ісі» мамандығының студенттері үшін ОМПС аға учаскелік инспекторы полиция майоры Қадырғалиев Арман Асанұлымен, ОМПС учаскелік инспекторы аға лейтенант Нартай Данияр Жанболатұлымен кездесу ұйымдастырылды. Олар «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қылмысы, оның себептері мен салдары, алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары туралы айтылды, бұл қазіргі таңда қоғамдағы өзекті проблема болып табылады.
Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

