2023 жылғы 17 мамырда «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері үшін оқытушы Ж. С. Ахметованың басшылығымен «ҚР Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ өкілдерімен кездесу өтті: Асхат Ещанұлы Тасболатов-Мейіргер — мейіргер ісі бойынша директоры, Жунусов Батыржан – клинико диагностикалық бөлімшесінің орталық аға маман, Куттыбай Тлеубердi – Кардиохирургии №1 бөлімшесінің аға маманы, Оспанов Болат — Анестезиологии, реанимации және үлкендер қарқынды терапия бөлімшесінің аға маманы, Курманкеев Магжан — LVAD координатор.
Кездесудің мақсаты: таңдалған мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Соңғы уақытта жас жігіттердің мейірбике мамандығын таңдауы қыздармен салыстырғанда артып келеді. Жастарда көп сұрақтар туындауда: Колледжді бітіргеннен кейін біз қалай мейіргер боламыз? Бізді мейіргер ретінде жұмысқа ала ма? Орталық мамандары таңдалған мамандық бойынша жұмыстың артықшылықтары, ыңғайлылығы және қиындықтары туралы айтып берді. Студенттер барлық сұрақтарға жауап алды. Мамандар біздің студенттерді орталыққа экскурсияға шақырды. Колледж ынтымақтастық туралы Меморандум жасауды жоспарлап отыр.

