06.11.2023 жылы 1-курс топ жетекшілері: Г.Жақсылықова, Н.Толеуова, М.Касымов «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты қалалық іс-шара шеңберінде студенттермен «Көшпенділер» фильмін көріп, талқылады. Фильм Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген. Бұл шығарма — қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болған шығарма. Трилогия Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.

