«Көшбасшы» атты пропедевтика пәні бойынша сайыс

2024 жылғы 19 ақпанда «Емдеу ісі» мамандығы апталығы аясында ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің оқытушысы А.А. Темірбековтың жетекшілігімен үшінші курс студенттері арасында «Көшбасшы» атты пропедевтика пәні бойынша сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: кәсіби ынтымақтастық саласын кеңейту, таңдаған мамандық бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және мамандықтың беделін арттыру болып табылады.
Сайысқа студенттер белсенді қатысты, пропедевтика пәнінен алған білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс нәтижелері:
1 орын –Будикенова Аягөз
2 орын – Ахан Дария
3 орын – Ертай Мағжан
3 орын — Төрехан Әділет
Жеңімпазарды құттықтаймыз!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *