Кәсіптік бағдар беру

📅 2025 жылғы 18 сәуірде Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда 9-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу, оқу бағыттары мен мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру.

🌟 Іс-шараға Бисенбай Арзу Жанайқызы қатысып, оқушылар мен ата-аналарға заманауи сұранысқа ие мамандықтар, олардың ерекшеліктері мен маңыздылығы жайлы кеңінен түсіндіріп берді. Кездесу барысында «Даналық» медициналық колледжі жайлы, онда қандай медициналық мамандықтарды меңгеруге болатыны, атап айтқанда, мейіргер ісі, фельдшер, фармацевт сияқты сұранысқа ие бағыттар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар колледжге оқуға түсу ережелері мен артықшылықтары айтылды.

💬 Бұл кездесудің оқушылар үшін маңызы зор болды. Себебі олар өз болашағы туралы ойланып, қызығушылықтарына сәйкес дұрыс таңдау жасауға бір қадам жақындай түсті.
📌 Егер сіз де болашағы зор медициналық мамандықты игергіңіз келсе – З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық»  Жоғарғы медициналық колледжі сізді күтеді!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *