13 мамыр 2025 жылы 2025–2027 жылдарға арналған тақырыптық жоспар аясында және кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы оқытушысы Сатпекова А.М. мен 1-СД-АК студенттері Софиевка ауылындағы мектепке барды. Іс-шара барысында оқушылармен медицина саласындағы мамандықтарды таңдау бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға медицина мамандықтарының ерекшеліктерін, білім алу процесін және болашақ кәсіби мүмкіндіктерді түсіндірді. Бұл кездесу оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, саналы мамандық таңдауға көмектесуге бағытталды.

