2026 жылдың 30 қазан күні колледжіміздің бітіруші топ студенттеріне «Тұран-Астана» Университеті өкілдері жоғары оқу орнында білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Кәсіби бағдар беру барысында Университет тарапынан ұсынылатын мамандықтар, оқу шарттары, оқу бағдарламалары және болашақ кәсіби даму жолдары толық таныстырылды. Бұл іс-шара түлектерімізге өз болашағын саналы түрде жоспарлауға, кәсіби таңдауды нақтылауға және дұрыс шешім қабылдауға зор мүмкіндік берді.
