2025 жылдың 21 мамырында 2025–2027 жылдарға арналған тақырыптық жоспар аясында және кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы оқытушы Нурбаева Асель Талғатбековна мен 1-СД-АК тобының студенті №84 лицей-мектепке барды.
Іс-шара барысында оқушылармен медицина саласындағы мамандықтарды таңдау бойынша әңгімелер жүргізілді. Оқушыларға медицина мамандықтарының ерекшеліктері, білім алу процесі және болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Бұл кездесу медицина саласына деген қызығушылықты арттырып, саналы кәсіп таңдауға көмектесуге бағытталды.

