2025 жылдың 20 наурыз күні сағат 11:00-де арнайы пәндер оқытушысы С.Бурашев пен 1 курс студенті А.Ақбай Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған «Күй күмбірі» атты республикалық челленджіне қатысып, Құрманғазының – «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың – «Ерке сылқым», Түркештің – «Көңілашар» күйлерін орындап шықты. Мақсаты: білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін ояту, домбырада орындау шеберлігін насихаттау.

