2025 жылғы 25 қаңтарда «Педагогика мен медицинадағы инновациялық технологиялар, әдістер, идеялар» апталығы аясында колледж оқытушылары үшін «Мейіргер ғылымдарының магистрі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы Наурузбаева Айнагуль Серикбаевна «Инъекциядан кейінгі асқынулар» атты шеберлік сабағын өткізді. Айнагуль Серикбаевна дәрілік заттарды енгізудің парентеральді тәсілімен туындайтын асқынуларды қалай бағалау керектігін, сондай-ақ олар пайда болған кезде көмек көрсетуді көрсетті.

