2025 жылдың 15 мамыр күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 курс студенттеріне №5 «Жанұя денсаулығы» орталығының гинеколог-дәрігері, «Бала және босану бөлімінің» меңгерушісі М.Тілеуқабылова «Гинекологқа алғашқы бару, Отбасын жоспарлау, ЖЖЖИ алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: ерте жыныстық қатынастың алдын алу және оның салдарымен таныстыру.

