2026 жылдың 20 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Фармация» мамандығының 3-курс студенттеріне «Еврофарм» дәріханалар желісінің өкілдері бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, дәріхана желісінің қызметімен, фармацевтика саласының құрылымымен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстырды. Аталған іс-шара студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға зор ықпал етті.

