2025 жылдың 3 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерей тойына орай «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты Тыл және Еңбек ардагері Наурызбаева Казиза Жуматаевнамен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – Қазақстанның Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тыл еңбеккерлерінің ерліктері мен олардың бейбіт өмірде елді қалпына келтірудегі зор үлестерін жастарға таныту. Сонымен қатар, ардагердің өмір жолы мен еңбек жолынан өнегелі сабақ алу, жастарды еңбекке, отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, тарихи естеліктер мен ұрпақтар арасындағы байланыс арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. https://www.instagram.com/p/DIA2B5iIlC0/
https://www.instagram.com/p/DIA2B5iIlC0/
