Еркіндік пен сөз

2025 жылдың 25 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында фармацевтикалық пәнінің оқытушысы А.Бисенбай 2-3 курс студенттеріне қазақтың көрнекті жазушысы, ағартушысы, қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі — Міржақып Дулатовтың 140жылдық мерейтойына орай «Еркіндік пен сөз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: студенттерге Міржақып Дулатовтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ағартушылық және қоғам қайраткері ретіндегі рөлін түсіндіру, ұлттық құндылықтарға құрмет пен тарихи сананы қалыптастыра отырып, еркіндік, сөз бостандығы және азаматтық ұстаным тақырыптарында пікір алмасу арқылы студенттердің ой-өрісін, талдау және талқылау дағдыларын дамыту.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *