2025 жылдың 2 сәуірінде «Фармация» апталығының жабылуына жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы А.Ш. Рахметова «Фармация» мамандығының топтары арасында «Экологиялық калейдоскоп» атты байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: табиғатты қорғауға және күнделікті өмірге экологиялық таза технологияларды енгізуге бағытталған экологиялық идеялар мен инновацияларды насихаттау. Байқау үш кезеңде өтті:
1.Дефиле «Экологиялық сән» — әртүрлі қалдық материалдардан жасалған костюмдерді көрсету.
2. «Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері» зерттеу жұмысы және оларды шешу жолдары.
3.Экологиялық таза технологияларды (идеялар, инновациялар, жобалар) енгізе отырып, өз қаласын модельдеу.
Байқауға қатысушылар өз коллекцияларының сипаттамасын ұсына отырып, модельдер жасауда, материалды, шығармашылық шешімдер мен дизайн тәсілдерін үйлестіруде өзіндік ерекшелігін көрсетті. Медициналық қалдықтарды қолдануға, қоқыстарды дұрыс сұрыптауға, күн батареяларын тиімді пайдалануға, білім беру процесіне экологиялық білім беруді енгізуге және Планетамызды қорғауға қойылатын талаптарды қатаңдатуға арналған шығармашылық идеялар ұсынылды.
Байқау нәтижелері:
1 орын -Беркутбаева Айша Мажитқызы
2 орын — Бейсембаев Ильяс Канатжанович
2 орын -Тагнер Диана Робертовна
3 орын -Цуба Валентина Артемьевна
3 орын -Асылбек Назерке Әлімбекқызы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
