
2025 жылдың 30 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында педагог-психолог А.Балтабаева «Емдеу ісі» мамандығының 2ЛД-Б тобының ата-аналарына «Еңбекқор бала – тәрбиелі отбасынан» атты психологиялық семинар өткізді. Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы еңбек тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, еңбекқор, жауапты және тәртіпті тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
