2024 жылдың 22-ақпанында «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі түлектерінің дипломдарын табыстаудың салтанатты кеші өткізілді.
Іс-шараға колледж ұжымы мен бітіруші түлектер қатысты.
Салтанатты кеш түлектерге жарқын болашаққа ашық жол тілеген колледж директоры Ж.Б.Сарымсақов құттықтау сөздерімен бастап, колледж активтерінің концерттік бағдарламасымен ұласты.
Оқытушылар ұжымы студенттердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін қажетті білімді бере отырып, оқу сапасын жақсарту жолындағы жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады. Сондықтан біздің колледждің түлектері жұмысқа орналасуда қиындық көрмейді.
Біз түлектерімізді құттықтаймыз, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

