Диплом табыстау — әр түлектің өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі. Бұл көптеген жылдар бойы білім алудан күткен ең жарқын және салтанатты аккорд.
Салтанатты түрде диплом табыстау іс-шара 2023 жылдың 3 шілдесінде «Жастар сарайында» өткізілді.
Іс-шараға колледждің әлеуметтік серіктестері, колледж әкімшілігі, эдвайзерлер, оқытушылар және түлектердің ата-аналары қатысты.
Салтанатты іс-шара, бітіруші-түлектерге құттықтау сөздер мен ізгі тілектер айтумен басталды.
Медициналық-педагогикалық ұжым студенттерге қажетті білім бере отырып, оқу сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеді. Сондықтан біздің колледж түлектері жұмысқа орналасуда еш қиындық көрмейді.
Біз түлектеріміздің барлық бастамаларына сәттілік тілей отырып, құттықтаймыз! Түлектердің өздері де жылы лебіздерін білдірді.

https://youtube.com/shorts/jX4gdVMSHIM?feature=share
https://youtube.com/shorts/lR6lRiE622M?feature=share
