
«Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында дәріс
2025 жылдың 10 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Діндерді зерттеу орталығының теолог-маманы Арман Нұрахметұлы «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарының 1,2-курс студенттеріне «Діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында дәріс оқыды. Мақсаты: студенттердің діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, дін мен зайырлы қоғамның өзара байланысын түсіндіру, жастардың бойында толеранттылық пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
