2023 жылдың 16 қаңтарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Темірбаева топ жетекшілерінің кеңесін өткізді. Іс-шара аясында әрбір топ жетекшісі 2023-2024 о/ж 1-ші жарты жылдығының дербес жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді, «Репродуктивті денсаулықты сақтау» тақырыбында № 5 отбасылық денсаулық орталығының терапевті Мукатаева Г.Х., «Білім алушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алудағы оқытушының рөлі» тақырыбында Толеуова Н.Б. баяндама жасады. Сонымен қатар «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жоспарын іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмыс кестесі қаралып, бекітілді.

