«Дағдылардан сапаға. Қамқорлықтан нәтижеге» атты халықаралық мейіргерлер конференциясы

2025 жылғы 18 қаңтарда «Парыз» мейіргер ісі мамандарының республикалық қоғамдық бірлестігі және З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі «University Medical Center» Жүрек орталығында «Дағдылардан сапаға. Қамқорлықтан нәтижеге» атты халықаралық мейіргерлер конференциясын өткізді.

Конференцияға Қазақстан, Ресей және Қырғыз Республикасының 2600-ге жуық қатысушысы қатысты.  Конференция модераторлары «Парыз» МСМ РҚБ президенті-Г. Б. Қасымова, «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледж» ББ директоры — Ж. Б. Сарымсаков және Астана қаласының мейіргер ісінің үйлестірушісі, бас медбике, Астана қаласы әкімдігінің «№5 Қалалық емхана»  ШЖҚ МКК бас мейіргері — К. Т. Абенова болды.

Іс-шараның салтанатты ашылуында «UMS» басқармасының мейіргер ісінің директоры Г.Е. Надирбекова және ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы А. С. Наурузбаева сөз сөйледі.

Конференция барысында қатысушыларға 22 баяндама ұсынылды, олардың әрқайсысы белсенді сұрақ-жауап сессиясымен, ұсыныстармен және түсініктемелермен сүйемелденді: Нэнси Ститт- BSN, RN, RN-BC- Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің мейіргер бағдарламасы жөніндегі бағдарламасының директоры, А. В. Буравцова- «Қорған базалық медициналық колледжі» МБПОУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру ОӘО басшысы, Ресей, Г.А. Турганбаева- А. Молдогазиева атындығы Бишкек медицина колледжінің «Мейіргер ісінің негіздері» ЦӘК арнайы пәндерінің оқытушысы, Қырғыз Республикасы және ҚР ЕПМ практикалық қызметкерлері.

Сондай-ақ, конференция аясында «Мейіргер ісіндегі заманауи технологиялар» семинары өткізілді. Спикерлер өз білімдерімен бөлісті, мейіргер ісіндегі жаңа технологияларды талқылады.

Конференцияда «Парыз» мейіргер ісі мамандарының республикалық қоғамдық бірлестігі мен «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Конференция YouTube және Zoom-да тікелей эфирде болды.

Медициналық техника өндірушісі- «ЕЛАМЕД – KZ» ЖШС серіктестер конференциясын қолдағаны үшін алғыс айтамыз.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *