2026 жылғы 29 сәуірде арнайы пәндер оқытушысы Кожабекова З.Х. 2-ФМ-Г-11 тобында «Фармакогнозия» пәні бойынша «Дәрілік өсімдік шикізаты қорларын анықтау әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — дәрілік өсімдік шикізаты қорларын анықтау әдістері бойынша студенттердің білімдерін қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ алынған білімдерді талдау және тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқытушы белсенді оқыту әдістерін қолданды. Студенттер шағын топтарда жұмыс істеп, теориялық материалды бекітуге бағытталған практикалық тапсырмаларды орындады. Орындалған тапсырмаларды тексеру үшін топ жетекшілері жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланды, бұл білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.Сабақ жағымды, іскерлік ахуалда өтті, білім алушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.

