«БСМК мекемелерінде жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаж жүргізуінің универсалды-прогрессивті моделі» тақырыбындағы колледжішілік конференция.

2023 жылғы 29 наурызда «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Н. Б. Бейсенова бітіру топтарында «БСМК мекемелерінде жүкті әйелдерге және ерте жастағы балаларға патронаж жүргізуінің универсалды-прогрессивті моделі» тақырыбында колледжішілік конференциясын өткізді .
Конференцияға №5 қалалық емхананың патронаж қызметінің үйлестірушілері Айгерим Ержановна Закирьянова және Динара Кадыралиевна Айтуарова қатысты.
Үйлестірушілер жұмыс тәжірибесімен бөлісті, прогрессивті модель мен универсалды модель арасындағы айырмашылық туралы айтты. 3-СД-Б тобының студенттері Кайдыкина А., Оразбекова З., Карпиевич к. Ирисова М., Панченко Н.үйлестірушілермен бірге барған отбасылары туралы, патронаж қызметінің жаңа моделінің негіздемелері, күтілетін нәтижелері туралы әңгімеледі. Конференция қонақтары студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *