1-14 маусым аралығында «Фармация» мамандығының 1 курс студенттері ботаника пәні бойынша практикадан өтуде. Оқытушы М. Б. Байгалиеваның жетекшілігімен болашақ фармацевтер дәрілік шикізатты дайындау процесінің негізгі кезеңдерімен, жинау, кептіру және бастапқы өңдеу әдістерімен, дәрілік өсімдіктерді сәйкестендіру, морфологиялық сипаттау және гербаризациялау, жабайы дәрілік өсімдіктердің ресурстарын анықтау, сақтау және өңдеу шарттарымен танысады.

