2023 жылдың 24-наурыз күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Несипбекова А.С.1-курс студенттері арасында кезекті «BOOKCHALLENGE» кітап оқу сайысын өткізді. Білім алушылар «BOOKCHALLENGE» кітап оқу сайысында Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесі бойынша тест тапсырды.
Жоғары нәтиже көрсетіп, көш бастаған білім алушыларымыз:
Диплом «Бас жүлде» — Қанатқызы Диляра
Диплом І орын – Жакупова Меруерт
Диплом ІІ орын – Бөлебаева Салтанат
Диплом ІІІ орын – Темурлан Балнур
Бүгінгі сайысқа қатысқан оқуға құштар студенттерімізге алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
4
