2023 жылдың 16 – мамыр күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 1-курс студенттерінің қатысуымен «Бізді кітап табыстырды» атты фотоконкурс ұйымдастырылды. Фотоконкурстың мақсаты: студенттеріміздің кітапханада түсірілген тартымды фотосуреттері арқылы басқа білімгерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақын-жазушылар шығармаларын кеңінен насихаттау. Ұйымдастырылған іс-шара барысында студенттер кітаптың арқасында жаңа достар тауып, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі.

