«Біз – болашақ сарбаздар!» атты дәстүрлі саппен жүріп ән орындау байқауы

2023 жылдың 5 мамыры күні колледжде АӘД пәнінің оқытушысы Б.Токтаровтың ұйымдастыруымен ҰОС Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз – болашақ сарбаздар!» атты 1-ші курс студенттері арасында саппен жүріп, ән орындау байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: студенттердің командада жұмыс атқару қабілетін арттыру, ұжымды бірлікке жұмылдыру, сонымен қатар әскери-патриоттық тәрбиенің жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында, денсаулықты нығайтуда маңызды орын алатындығын насихаттау болды.
Сайыстың қорытындысы бойынша келесі топтар жүлделі орындарға ие болды.
ГРАН-ПРИ «Емдеу ісі» мамандығының 1 ЛД-Д тобы, жетекшісі: Касымов М.М.;
1-ші дәрежелі Диплом «Емдеу ісі» мамандығының 1 ЛД-АК тобы, жетекшісі: Джумашева А.Е.;
2-ші дәрежелі Диплом «Мейіргер ісі» мамандығының 1 СД-ВК тобы, жетекшісі: Жақсылықова Г.Е.;
3-ші дәрежелі Диплом «Мейіргер ісі» мамандығының 1 СД-АК тобы, жетекшісі: Толеуова Н.Б.;
3-ші дәрежелі Диплом «Емдеу ісі» мамандығының 1 ЛД-ГК тобы, жетекшісі: Несипбекова А.С.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *