“Біз Абайды білеміз, оқимыз бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион

2023 жылдың 26 қазанында “Оқуға құштар колледж” жоба аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы А.Несипбекова 1-ЛД-АК тобының студенттерімен “Біз Абайды білеміз, оқимыз бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион өткізді.
Аукционның мақсаты: студенттердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Әдеби аукционда оқытушы қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Студенттер ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыды, әндерін айтып, күйін шертті. Аукцион қызықты, әрі тартымды өтті.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *