2023 жылдың 5 сәуірінде колледж студенттері Ашабаев Саят, Гомаров Әлішер, Бердібаев Альмир оқытушылар Бисембаева Айман Карбузовна және Бекбергенова Дана Сейткаримовнаның жетекшілігімен «Тольяти медколледж» ГБПОУ ұйымдастырған «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіруші курс студенттері арасында «Бірінші болып көмекке асығамын» атты Бүкілресейлік интерактивті кәсіби шеберлік байқауына (халықаралық қатысумен) қатысты. Байқау бейнеконференцияларына арналған SberJazz сервисінің көмегімен қашықтық форматта өткізілді.
Байқаудың мақсаты: түлектердің еңбек нарығында табысты бәсекеге түсуіне мүмкіндік беретін сапалы кәсіптік білім алуға студенттердің ынтасын арттыру.
Байқауға Ресей Федерациясының 6 Федералды округінен (Еділ, Оңтүстік, Орал, Орталық, Сібір, солтүстік-батыс), Беларусь және Қазақстан Республикаларынан 29 студенттік команда (әрқайсысы 3 адамнан) қатысты.

