2024 жылдың 23 ақпанында кітапхана меңгерушісі Н.Матбаева «Мейіргер ісі» мамандығының 1-СД-АК тобының студенттерімен «Бір ел – бір кітап 24» республикалық акциясы аясында оқуға ұсынылған Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша виртуалды кітап көрмесін өткізді. Іс-шараға кітапхана меңгерушісі Н.Матбаева жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын таныстырып, шығармалардың қысқаша мазмұнын түсіндірді.
Б.Соқпақбаевтың шығармалары негізінде «Менің әкем» шығармасының аудиожазбасы, «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді, студенттер шығармалар туралы өз пікірлерін білдірді.

