
2025 жылдың 8 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» айлығының аясында 1-курстың топ жетекшілері «Білім жолындағы әділдік» тақырыбында кураторлық сағат өткізіп, соңы «Қауіпсіздік сабағымен» жалғастырды. Мақсаты: студенттердің әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет және тәртіп сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру, оқу процесіндегі академиялық адалдықты насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету арқылы саналы, тәртіпті әрі жауапты азамат тәрбиелеу.
