Білім күні

Білім күні
2026 жылдың 1 кыркүйегі күні «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжінде» барлық курс студенттері үшін «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Білім күніне арналған салтанатты жиналыс пен «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі” тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының Конституциясын құқықтық мемлекеттің негізі ретінде түсінуіне жағдай жасау, әр адамның заңды сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, адал еңбек ету, білім алуға жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және ел болашағына үлес қосу жөніндегі жеке жауапкершілігін қалыптастыру.
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және үздік табыстар, еңбексүйгіштік, жақсы жетістіктер мен үздік бағалар тілейміз! Біздің колледжге қош келдіңіздер!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *