2025 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР ТжКББ қызметкерлері күніне арналған кәсіби мерекені атап өту тұжырымдамасы аясында, «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенті, Студенттік Парламент мүшесі А.Құралбай №3 оқу ғимаратының оқытушыларына арнап «Білім алмасу» атты шеберлік сағатын өткізді. Мақсаты: бейнемонтаж жасауға арналған танымал қосымшаларды қолдануды, подкаст әзірлеуді, TikTok әлеуметтік желісін тиімді және сауатты жүргізу тәсілдерін үйрету арқылы цифрлық сауаттылықты арттыру.

