2023 жылғы 28 қыркүйекте «Оқуға құштар колледж» аясында «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандығы 4 курс студенттеріне оқытушылар Ж.А. Карпикбаева және Д.С Бекбергенова “Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін” тақырыбында библио — кросс өткізді. Студенттерге Б.Момышұлының «Үшқан уя» және француз жазушысы А. Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармаларын оқу ұсынылды.»Үшқан уя» шығармасы-тәрбие ошағы. Шығармада бала тәрбиесі, әйел теңдігі және ер азаматтың бойында болу керек шыншылдық, намыстылық, ұстамдылық пен сабырлылық өте жақсы баяндалған. Біз сіздерді әр адамға қоғамның саналы азаматы болуға көмектесетін осы жұмыстармен танысуға шақырамыз. Шығармалар оқырманға баспа, электронды және аудиожазбалар түрде ұсынылған.

