2024 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы М.Қасымовтың жетекшілігімен «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттерінен құралған «Алаш» командасы (Қалибек Жаннұр, Пашабай Шолпан, Құдайберген Аяжан, Арыстанбаева Жанерке) тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Atamnyn amanaty» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған «Батыр баба тарихы» жалпықалалық зияткерлік ойынының финалына қатысып, 3-ші дәрежелі Дипломды иеленді.

