2024 жылғы 16 мамырда «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Бекенова Сәуле Джумашевнаның ұйымдастыруымен «Балалардағы қант диабеті кезіндегі мейірбикелік процесс» атты колледж ішілік конференция өтті. Балардағы қант диабетінің ерекшеліктері мен болу себептері, қант диабетімен ауыратын балаларға мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру мәселелері талданды. Қатысушы барлық студенттерге сертификаттар берілді.

