B2d United Medical Expo-2023

2023 жылдың 17-қарашасы күні бөлім меңгерушісі И.Нургалиева, оқытушылар: А.Джумашева және Б.Токтаровтың жетекшілігімен колледж студенттері «EXPO» орталық көрме кешенінде United EXPO компаниясы ұйымдастырған «B2d United Medical Expo-2023» ірі халықаралық көрмесіне барды.
United Medical Expo — бұл медициналық, хирургиялық, ауруханалық, диагностикалық және басқа да денсаулық сақтау қызметтерінің бірегей көрмесі.
«B2d United Medical Expo-2023» көрмесі – денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін барлық мамандар үшін, соның ішінде біздің мамандық студенттері үшін маңызды оқиға. Мұнда жақын арада денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін барлық технологияларды, жаңа шешімдерді табуға болады. Көрмені тамашалау барысында студенттер, медициналық техника саласында жұмыс істейтін адамдармен сөйлесті, көптеген жаңа нәрселерді, соның ішінде өздерінің болашақ мамандықтары туралы білді, сондай-ақ заманауи медицинада қолданылатын жаңа аспаптар мен аппараттармен танысты.

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *