«AntiParaCraft»

2021 жылдың 24 ақпанында Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған  М.Тынышпаев атындағы  ҚазАТК  Ақмола колледжінің студенттері мен  Даналық» колледжінің студентері  арасында «AntiParaCraft» квест-ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу және адалдық, парасаттылық ұғымдарын кеңінен тану.

Жолдастық кездесу барысында «пара», «қылмыс», «сыбайлас жемқорлық» сөздеріне нақты анықтама беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сұрақтарға жауап берілді. «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бейнематериалдар көрсетіліп, шағын қойылымдар қойылды.

Жолдастық кездесу квест-ойын форматында өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *