2023 жылдың 15 мамыр күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Темирбаева және Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы М.Касымовтың жетекшілігімен 1 ЛД-Д тобының студенттерін «Atamnyn Amanaty» ҚБ ұйымдастыруы бойынша «101-ші атқыштар дивизиясы» тақырыбында ізденіс жұмыстарын жүргізгені үшін «АЛЖИР» мұражайына саяхат жасатты. Алжир мұражайында біздің студенттерге ГИД әрбір экспонатқа түсінікті мәлімет жасай отырып, жастардың патриоттық сезімдерін оятты. Саяхаттың соңы «АЛЖИР-ге» арналып түсірілген қысқа фильммен ұласты.

