2023 жылдың 20 қыркүйегінде колледждің 1-курс студенттері арасында «АЛЛО, БІЗ ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ!» атты шығармашылық жастар кастингі өткізілді. Сайыс жыл сайын колледж студенттерінің шығармашылық дарындарын, дарынды жастарды анықтау мақсатында өткізіледі. Студенттер келесі бағыттар бойынша: көркем оқу, хореография, вокал өз өнерлерін көрсетіп, «Мың бұралған биші», «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас қалам» және «Жанды дауыс» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.💐

