2018 жылы 18 мамыр күні қазақ тілі пән оқытушысы Темірбаева А.М. «Емдеу ісі» мамандығының 1-курс 1 ЛД-Г тобының студенттерімен «Алғашқы қазақ дәрігерлері мен қазақ суретшілері туралы мәтіндер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер екі топқа бөлініп алғашқы қазақ дәрігерлері мен қазақ суретшілері туралы мәлімет берді.
Алма Мейырбековна сабақ барысында студенттердің білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, алғашқы қазақ дәрігерлері мен суретшілердің өмірбаяны, еңбектерімен таныстырып өтті.
Сабақ жоғары деңгейде өтті.
![]() |
![]() |


