«Адам генетикасына экологияның әсері бар ма, жоқ па?» атты дебат

2018 жылдың 18 мамыр күні «Даналық» колледжінде «Медициналық биология және генетика» пәнінің оқытушы Боранбаева Бақ Кенжерақарақызының ұйымдастыруымен «Адам генетикасына экологияның әсері бар ма, жоқ па?» атты дебат өтті.

Дебатқа 2-СД-ВК тобының студенттері қатысты. «Эко-генетика» тобының студенттері экология әсерінен адамзаттың денсаулығы нашарлап, әртүрлі генетикалық мутациялар пайда болуда деген көзқарасты айтса, «Геном» тобының студенттері адам денсаулығы өз қолында, егер оған сауаттылықпен қараса, салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын нығайтып, шынықтырса, дұрыс сапалы тамақтана білсе, дәрумендер мен минералдарды, белок, май, көмірсулармен ағзаның  толық қажеттілігін өтесе, ешқандай экология адам денсаулығына әсер ете алмайды деген көз-қарасы басым болып, жеңіске жетті.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *