«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледждің №3 ғимаратында сатушысыз жұмыс істейтін «Адалдық дүкені» ашылды. Мұнда студенттер қажетті канц. заттарын алып, төлемді адалдықпен өздері QR-код арқылы жасайды. Бұл бастама жастардың адалдығы мен ішкі мәдениетін дамытуға, жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Дүкен сенім мен адамгершілікке негізделген тәрбиенің нақты үлгісі болып отыр. Мақсаты: студенттердің бойында адалдық, жауапкершілік және сенім негізіндегі мінез-құлықты қалыптастыру.

