ACLS (Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша семинар-тренинг

2023 жылғы 24-25 қаңтардан бастап әдістемелік апта шеңберінде колледждің клиникалық пәндер оқытушылары ҚР ДСМ «Шұғыл медицинаның Ұлттық Үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК-да ACLS (Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша семинар-тренингтен өтті.
ACLS (Кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы) медицина мамандары жүргізеді – бұл тиімді тыныс алу мен қан айналымын қалпына келтіру үшін инвазивті әдістерді қолдана отырып, негізгі реанимацияны кеңейту. Тыңдаушылар заманауи жабдықтарда өкпені жасанды желдету және дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясын пысықтады.
Аяқтағаннан және дағдыларды сәтті игергеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *